«ҚазМұнайГаз» басшысы мен Энергетика вице-министріне сөгіс жарияланады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» басшысы мен Энергетика вице-министріне сөгіс жарияланады

14.07.2023
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Коллаж: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайлов президентке еліміздің биылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апаттардың себептерін тексеру нәтижелері жөнінде баяндады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, батыс өңірінің энергетика жүйесінің жай-күйіне жасалған ауқымды талдау нәтижесінде энергетика кәсіпорындарының жұмысында бірқатар кемшілік жіберілгені анықталған. Бұдан бөлек, Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «МАЭК» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмысында олқылықтар бар екені мәлім болды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке мұнай өңдеу зауытының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шараларын уақтылы жүзеге асырмағаны үшін сөгіс беріледі.  Бұған қоса батыс энергия торабының қауіпсіздігіне тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке сөгіс жариялау жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ «МАЭК» ЖШС, АМӨЗ, «KEGOC» АҚ басшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.

Үкімет келешекте мұндай дағдарыс жағдайларына жол бермеу үшін Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына жаңғырту және күрделі жөндеу жүргізу, батыс энергетикалық аймағын күшейту, Атырау мұнай өңдеу зауытын сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және сол жерде өзін-өзі энергиямен қамтамасыз ететін станса салу, батыс аймағын Қазақстанның бірыңғай электрэнергетикалық жүйесіне қосу жұмыстарын және басқа да бірқатар шұғыл және жүйелі шараларды іске асырады.

Сонымен қатар мемлекет басшысына вегетациялық кезеңі су тапшылығы жағдайында өтіп жатқан оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету мәселесі туралы мәлімет берілді. Осыған байланысты Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар қажетті шаралар қабылдап жатыр.

Атап айтқанда, сумен қамтамасыз ету үшін суармалы ауыл шаруашылығы дақылдарының қайсысына басымдық берілетіні анықталады, суайналым әдісі қолданылады. Бұдан бөлек, су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстары белсенді жүзеге асырылуда. Арналардағы су шығынын азайту және жинақталатын су мөлшерін көбейту үшін гидротехникалық құрылыстарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ премьер-министр Әлихан Смайылов «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жүзеге асыруға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және киіктер популяциясын орнықты басқаруға қатысты қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қытайға экспортталатын бидайдың көлемі 1 млн тоннаға дейін ұлғайтылмақ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Месси жаңа клубында медициналық тексерістен өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.