Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Бейбіт Шүменов 5 жылға сотталуы мүмкін – ІІМ

ашық дереккөзден

ҚР Ішкі істер министрлігі «MEGA SILK WAY» СОО-дағы бұзақылықты тергеуді жалғастыруда.

18 маусымда Астанадағы «MEGA SILK WAY» СОО-дағы дәмханада қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.

«Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», – делінген хабарламада.

Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Депутаттар ЖСН-ді нәресте туған бойда бірден беруді ұсынды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

admin_altyalash

Қазақстандық ауыл шаруашылығы үшін маңыздылығы ерекше

admin_altyalash