Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтары

Маңғыстау облысында жаппай төбелес болды

фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында жаппай төбелес болды. Тәртіп сақшылары алты күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды өңірлік ПД баспасөз қызметі. 

Zhest_kz Telegram арнасында жаппай төбелестің видеосы жарияланды. Кадрларға қарағанда төбелескендер қолдарына таяқ алып, бөтелке лақтырған.

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 шілде күні сағт 03.30-да Бейнеу ауылындағы Д. Тәжиев көшесінде болған.

Полиция қызметкерлері 24-25 жастардағы 6 күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша Бейнеу аудандық полициясының СТБТ тіркелді. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды, – деп хабарлады полициядан.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттің экс-әкімінің бауыры уақытша ұстау изоляторына қамалды

admin_altyalash

Қарағандылық оқушылар «Жас патриоттар» академиясының қатарына қабылданды

admin_altyalash

Құқықтық мәдениет сабақтары: Алматы облысының оқушылары нені үйренеді?

admin_altyalash