Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы сериал түсіріліп жатыр

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы сериал түсіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Астанада ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы «Қаһарман» сериалының түсірілімі жүріп жатыр. Бұл туралы жары Анель Забикулина мәлімдеді.

«Қазір Асқарға және өз өмірін қатерге тігіп, күнде отпен күресетін өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған «Қаһарман» сериалының түсірілімі жүріп жатыр. Түсіру тобы бүгін Астанаға келіп, бірден жұмысқа кірісті. Әрине, бүкіл процесті өз көзімізбен көру мүмкіндігін жіберіп алмадық. Айта кетейін, кино түсіру оңай емес. Біз ол жерде 5 сағаттай болдық. Түсірілімге дайындық, бірнеше дубль, ракурс, жарық. Бұл – бір ғана көріністі түсіру кезінде көрген қиындықтың кішкене ғана бөлігі. Барлық түсірілім тобына қажырлы еңбегі үшін рақмет. Сериал барлығына ұнайды деп сенемін» деп жазды Анель Забикулина Instagram желісінде.

Ұқсас жаңалықтар

Сенатор BRICS елдерінің мұсылман діни көшбасшыларының халықаралық конференциясына қатысты

admin_altyalash

Астана саммиті, ШЫҰ-ны кеңейту және реформалау – Чжан Минмен сұхбат

admin_altyalash

Жаңа цифрлық сервис іске қосылды

admin_altyalash