Алматыда колледж студенттері диплом ала алмай жүр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Алматыда колледж студенттері диплом ала алмай жүр

19.07.2023
0
Алматыда колледж студенттері диплом ала алмай жүр
Фото: newtimes.kz

Алматыда жекеменшік медициналық колледж студенттері дипломын ала алмай жүр. Себебі, оқу орнын бітіруі тиіс қыз-жігіттердің дені емтиханнан шекті балл жинай алмай сүрінген. Бірақ студенттер мұны өздерінен емес, тестті дайындаған орталықтан көріп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Қарлығаш Жолшыбекованың екі баласы осы колледжді биыл бітіріп, диплом алу керек болған. Бірақ ұлдары қорытынды мемлекеттік аттестатциялаудың алғашқы кезеңінен сүрінген. Бұған ол тестілеу орталығын кінәлап отыр. Айтуынша, тест сұрақтарының құрылымы дұрыс болмаған.

Ақша төлеп, алып жүрген тестті 80-90 балл алып жүргенбіз. Әскерге шақырып жатыр. Повеска келіп қойған. Колледжден жылда алып береміз ғой анықтама. Ол кеше шілдеде бітіп қойған. Төрт балаға жәрдемақы алатынбыз, ол да бітіп қалды. Заңның сұрақтары келді деді. Біздің сұрақтарымыздың ішінде заңның сұрақтары жүр дейді. Түсініксіз, аудармасы анық емес, түсінбейміз түк сөздерді деп айтты, – деді Қарлығаш Жолшыбекова.

Жиылғандар арасында болашақ тіс дәрігерлері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен педиатр мамандары бар. Олар да тестілеуде берілген сұрақтар мүлде түсініксіз деп отыр. Ал қайтадан тапсыруға жарты жылдан кейін ғана мүмкіндік берілген. Тек ол уақытта студенттердің бірі жоғарғы оқу орнына түсе алмай қаламыз десе, екіншісі дипломсыз әскерге алып кетеді деп уайымдайды. Сол себепті қайта тапсыру уақытын жақындатса дейді.

Біз жұмыс істей алмаймыз. Себебі бізде диплом жоқ. Біз студент ретінде де саналмаймыз. Жігіттерді әскерге алып кетуі мүмкін. Өте көп студент жоғарғы оқу орнына түскісі келген. Оларда оқуын ары қарай жалғастыра алмай отыр. Біз бұлай жарты жыл күтіп отырғымыз келмейді. Бізге қайта тапсыру уақытын ертерек жасап берсін. Мен өз мамандығым бойынша жұмыс істегім келеді. – деді Руфина Алимова.

Жалпы тестілеуге 426 студент қатысқан екен. Оның тең жартысы өтпей қалған. Колледж басшылығы бұл іске араласа алмайтынын, студенттерден тестілеуді тәуелсіз емтихан орталығы алғанын айтты.

Соңғы сынақ тапсыратын тесттер бізге ашық емес. Біз оны білмейміз қандай сұрақтар келіп жатқанын. Біз тестті білмейтін болғаннан кейін оған баға бере алмаймыз. Біз сол туралы Денсаулық министрлігіне жаздық та, айтықта. Енді ол кісілер қандай шешім қабылдайды біз білмейміз, – деді медициналық-стоматологиялық колледж директоры Сәуірбек Рузуддинов.

Ал тест орталығындағылар бәрінің талапқа сай екеніне сенімді. Сұрақтар алдын ала дайындалып, білікті мамандардың тексерісінен өткен дейді олар.

Емтиханда қолданылған орыс және қазақ тіліндегі тест сұрақтары 2023 жылдың мамыр айында тестологиялық және мазмұндық сараптамадан өткізілді. Қазақ тіліне аударатын маман иелерінің бізде екі түрі бар. Олардың медициналық бөлімі бар және мемлекеттік тілді бағалайтын қазақша тест бойынша ленгвист мамандар бізде жұмыс істейді, – деді «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының» маманы Маржан Шәріпова.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан Түркиядан броньдалған әскери көліктерді сатып ала ма – министрлік жауабы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тоқаев Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.