Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтары

Атырау облысында қайғылы жағдай болды

фото: Halyq Uni

Атырау облысында КамАЗ-бен соқтығысқан жеңіл көліктің 3 жолаушысы мерт болды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 18 шілдеде болған.

Жергілікті уақытпен сағат 15:30 шамасында Атырау-Индер тас жолының 123-шақырымы тұсында Toyota Camry мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік апатынан Toyota Camry автокөлігінде болған 3 жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ал жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болғандар анасы мен 1 және 15 жастағы қыздары екені анықталды. Олар – Батыс Қазақстан облысының тұрғындары, – деп хабарлады Индер аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Батырбек Қайыржанов.

Сондай-ақ бүгін сағат 14:20 шамасында Атырау қаласындағы Владимирский көшесі Lada – 2115 және Toyota Estima автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына Lada – 2115 көлігінің рульінде болған 1986 жылғы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жолдың қарсы жолағына шыққаны себеп болған. Соққының салдарынан Toyota Estima автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ: АТТРАКЦИОНДАР ПАРКІНІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

admin_altyalash

Түркістан облысында тамшылатып суару әдісімен күнбағыс өсіріліп жатыр

admin_altyalash

Су тасқыны: БҚО-да 375 отбасыға 69 млн теңге әлеуметтік көмек көрсетілді

admin_altyalash