Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Хромтау тұрғыны өтіп бара жатқан адамға оқ атқан (ВИДЕО)

Фото: polisia.kz

Хромтауда өтіп бара жатқан адамға оқ атқан бұзақы ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, түнгі сағат 02:00 шамасында «102» пультіне Хромтау қаласы Жұбанов көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреудің өтіп бара жатқан адамға оқ атқаны туралы хабарлама түскен. Күдіктіні ұстау үшін дереу оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Олар ер адамның қылмыстық әрекеттерін əрі қарай жалғастыруының алдын алды. Полиция қызметкерлері Мақсат Дастан мен Жылқайдар Жұлдызбек өз өмірлерін қатерге тігіп, оқ атқан адамды ұстады.

Күдіктінің Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды. Белгілі болғандай, мас халдегі күдікті әйелімен жанжалдан кейін көпқабатты үйдің ауласына шығып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға оқ атқан. Жәбірленуші иығынан жарақат алды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШ БІРДЕЙ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

admin_altyalash

Жобаның басты артықшылықтары – бордақылау шаруашылықтарын шоғырландыру арқылы өндірістік процестерді оңтайландыру

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

admin_altyalash