Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

«Әйел кішкентай қызды байлап тастаған»: Полиция департаменті мәлімдеме жасады

фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Қырғауылды ауылында жеткіншек қызды көршісі байлап тастаған. Полиция түсініктеме берді.

Бейнежазбада әйел жеткіншектің аузы мен қолын байлап тастаған. Полицияның айтуынша, әйелдің жасы – 23-те.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мұны кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ашуланып істеген. Өйткені қыздың әке-шешесі бейнежазбадағы әйелге ақшалай қарыз болған. Бірақ күдікті баланы босатып қоя берген, – дейді ведомство.

Ал жәбірленуші қыздың анасы ауылдастарының үстінен арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қызын ұсынудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша («Өзінше билік ету») Жамбыл аудандық полициясында тіркелген. Қажетті сараптамалық тексерулер жасалады дейді полиция.

Ұқсас жаңалықтар

Жазушылар одағы – ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ

admin_altyalash

Қазақстандық жастар делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында Үндістанға сапарлады

admin_altyalash

Оқу мәдениеті жоғары елдер жаһандық дамудың алғы шебінде болады – Президент

admin_altyalash