Астана қаласының «Көктал» кентінде төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері жекеменшік жатақханадағы өрттен 60 адамды құтқарып қалды.
Ведомствоның хабарлауынша, өрт сөндірушілерге 23 шілдеде сағат кешкі 21:57-де Көктал кентінде жатақхананың өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
Өрт сөндірушілер жатақханаға жеткенде тілсіз жау тез таралған. Жоғарыдағы бөлмелерді түтін басқан. Өрт сөндірушілер қою түтін арасында жұмыс істеді, – делінген ведомствоның хабарламасында.
Өрт сөндірушілер 3 иінді көтергіш арқылы 2 адамды аман-есен құтқарды. Жатақхананың 60 тұрғыны эвакуацияланды. Тұрғындарды орналастыру мәселесін жатақхана иесі шешеді.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сағат 22:48-де сөндірді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Д.Жұмабекұлы