Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

СҚО-да аюға тамақ беремін деген азамат қолынан айырылды

фото: egemen.kz

СҚО-да ер адам аюға тамақ беремін деп қолынан айырылды. Оқыс оқиға облыстағы демалыс аймағының біріндегі хайуанаттар бағында болған. 

Зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер сол қолын сақтап қала алмапты. Қазір болған жайтқа қатысты құзырлы орган өкілдері тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, 43 жастағы хайуанаттар бағының қызметкері тек 1,5 ай бұрын сынақ мерзімі бойынша жұмысқа қабылданыпты.

Аталған факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 1569-бабының 52-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге анықталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процесстік шешім қабылданатын болады, – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.

Дереккөз: Халық үні

Ұқсас жаңалықтар

48 орталық және жергілікті атқарушы органның ашықтық деңгейі бағаланды

admin_altyalash

Алматыда бірқатар көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме ашылды

admin_altyalash

Жазғы маусымдық әуе рейсінің ашылуы өңірге туристер тартуға мүмкіндік береді

admin_altyalash