Мұхтар Әблязовтің ағасы Қуаныш Нұрғазин Қазақстанға неліктен оралғанын және туысы жөніндегі ойын айтты. Ол 25 шілде күні Алматы әуежайында ұсталды, енді ол екі ай үйқамақта болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мені Мұхтар Әблязов алаяқтық схемалар мен айла-шарғыларға еріксіз араластырды. Ұзақ уақыт бойы Отаннан жырақта жүргенім, БТА банктің бұрынғы төрағасы мен оның сыбайластары жөніндегі жаңалықтар менің денсаулығыма әсер етті, – дейді күдікті.
Қуаныш Нұрғазиннің айтуынша, саяси қуғын-сүргіннің болмауы мен демократиялық реформалар оның Қазақстанға өз еркімен оралуына түрткі болған. Ол саяси баспанадан бас тартқан.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.