Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Министр сайлау науқанына мұғалімдерді тартуға қатысты жауап берді

фото: Ертай Сарбасов

Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының мұғалімдердің сайлауға қатысуын шектеуге және оларды сайлау комиссияларының құрамына қоспауға қатысты сауалына жауап берді.

Оның айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы 6-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың не өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Бұл ретте сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Осылайша, педагогтердің сайлау комиссияларына қатысуы ерікті болып табылады, – делінген Тамара Дүйсенованың жауабында.

Бүгінде мәжілісмендер көтерген мәселелер бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Министр оның бәрі Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін жеткізді.

Е.БОЛАТҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар

Әлемнің ең үздік жаттықтырушысы атанды

admin_altyalash

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

admin_altyalash