Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Ұлытау облысында 2 мың гектар жер өртеніп жатыр

фото: ТЖД

Ұлытау облысында құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД. 

Ведомство мәліметінше, 30 шілдеде Ұлытау облысы ТЖД кезекші қызметіне Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 км жерде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама түскен.

Өрттің алдын ала аумағы 2000 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге ерікті өртке қарсы құралымдар мен Ұлытау облысы ТЖД 42 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылуда. Елді мекенге қауіп-қатер жоқ, – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Дағыстандағы лаңкестік: Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

admin_altyalash

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

admin_altyalash

Бұзақылық жасағаны үшін кинотеатр келушілері сотталды

admin_altyalash