Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Павлодар облысында бұралқы иттер бір үйдің 83 қойын қырып кеткен

фото: ашық дереккөз

Павлодар облысындағы ауылда бұралқы иттер 80-нен астам қойды қырып тастады. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Әлеуметтік желіде Павлодар ауданының Кемеңгер ауылында малдардың қырылған видеосы тарады. Ветеринарлар бұл жағдайды тексеру үшін оқиға орнына барған.

29 шілдеде түнде Кемеңгер ауылында 83 қой қырылды. Жабайы иттер 15 қойды кеміріп тастады, ал қалған малдар қорыққаннан тапталып мертікті, – деді Павлодар олыстық ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов.

Оның айтуынша, ветеринариялық станцияның қызметкерлері 2 итті ұстаған. Олар 10 күн бақылауда болады.

Қырылған малдан зерттеуге материалдар алынды. Иттердің құтыру белгілері расталса, утилизация мәселесі қарастырылады, – дейді Ержан Ахметов.

Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті облыстық ветеринарлық инспекциямен бірге тексеріс жұмыстарын бастады. Себептері анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада “Театр барысы-2024” өтті

admin_altyalash

Шымкентте ең ірі жылыжай кешені салынып жатыр

admin_altyalash

Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады

admin_altyalash