Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Қостанай облысында екі астық қоймасына жай түсті: зардап шеккендер жоқ

фото: gov.kz

1 тамызда «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында екі астық қоймасы қирады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Болжам бойынша, оған жай (найзағай) түскен. Бұл жағдай апат деп қарастырылып отыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында Өндірістік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жұмыс атқарып жатыр.

Оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрі анықталғаннан кейін, апатты тергейтін комиссия құрылады.

Ұқсас жаңалықтар

Төрехан Сабырхан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды

admin_altyalash

Криптовалютаға инвестиция салмақ болған әйел 7 миллион теңгесінен айырылды

admin_altyalash

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады

admin_altyalash