Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға келуге келісімін берді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
33 жастағы мексикалық әлем чемпионы қазақстандық жанкүйерлерімен кездесуді жоспарлап отыр. Кәсіпқой боксшыны алаңдататын жалғыз нәрсе – Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) жанкүйерлерінің реакциясы.
Инсайдердің айтуынша, Алматы немесе Астанада өтетін шара аясында «Канеломен» фан-митинг жоспарланған. Мексикалықтың өзі келуге алдын ала келісімін берді, бірақ ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жанкүйерлерінің теріс реакциясынан қорқады, – деп хабарлады сайт.
Еске сала кетсек, Головкин мен Канело үш рет кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, қалған екі жекпе-жекте мексикалық жеңіске жеткен еді. Оның үстіне GGG-дің соңғы жеңілісі өткен жылдың күзінде болды.