Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«Үш кредитім бар»: 88 жастағы кейуана жүк көлігін жүргізіп жүр

фото: видеодан кадр

Елімізде 88 жасында жүк көлігін жүргізетін әйел адам бар. Қарт кісі туралы мәлімет әлеуметтік желіде жарияланды.

Мен 1936 жылғымын. Құдай қаласа, амандық болса келесі жылы 89-ға келемін. Құдайға шүкір, ескі көлігімді 5 500 млн теңгеге сатып,  осы жаңа машинамды 7 500 млн теңгеге алғанмын. Қазір үш кредитім бар. Осы көлікті ақша қосып алдым ғой. Машинаның прицепін де несиеге алғанмын.

Ресейге барып, ағаш әкеліп жүрміз. Жолдағы полицейлерге мың да бір рахмет! Органда жүрген балалар мені «апа» деп сыйлайды. Мені сыйлаған адамды Құдай бақытты етсін! «КамАЗ» көлігімен жолға шыққанда қасымдағы жүргізушілердің қалғып кетпеуін де қадағалап отырамын, – деді кейуана.

«КамАЗ» көлігін тізгіндеген қарт адамның видеоға қай жерде түскені айтылмаған.

Ұқсас жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

admin_altyalash

Ана мен бала жайы жіті назарда

admin_altyalash

Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды

admin_altyalash