Қытаймен визасыз режим әлі күшіне енген жоқ – ҚР СІМ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қытаймен визасыз режим әлі күшіне енген жоқ – ҚР СІМ

07.08.2023
0
Қытаймен визасыз режим әлі күшіне енген жоқ – ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен визасыз режимге қатысты шешім жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында Қазақстан мен Қытай арасында визалық талаптарды өзара босату туралы келісімге қол қойылды. Келісімнің 11-бабына сәйкес, тараптар оның күшіне енуі үшін қажет мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламаны өзара алған күннен бастап, күнтізбелік 30 күннен кейін күшіне енеді. Қазіргі уақытта қазақстандық тарап барлық мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады. Осы келісімді ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі №612 қаулысымен бекітіп, сондай-ақ биыл 28 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігіне тиісті хабарлама жолдады. Біз Қытай тарапынан ішкі процедуралардың аяқталуы туралы тиісті хабарлама күтеміз

, – деп түсіндірді А. Смадияров министрліктің апталық брифингінде.

Тиісінше, қос ел арасында өзара визасыз режимнің күшіне енуі туралы ақпарат Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына шығады және Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады.

Шілденің соңында Қазақстан Үкіметі осы келісімді бекіту туралы қаулыны қабылдағанда бірнеше БАҚ қате ақпарат жіберіп, бұл келісім күшіне енді деп жазыпты. Бұл дұрыс емес. Аталған қаулы тек Қазақстан тарапы ішкі процедураны аяқтады дегенді білдіреді. Енді Қытай тарапынан дәл сондай хабарламаны күтеміз. Осындай хабарлама келген күннен бастап, 30 күнтізбелік күннен соң келісім күшіне енеді. Шешім жыл соңына дейін қабылдануы әбден мүмкін

, – деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды. Олардың арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» бар.

Биыл мамыр айының аяғында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл бағытта енді мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау ескерілгенін, сондай-ақ тиісті қаулыны қабылдауға біраз уақыт керек екенін айтты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Абай облысында жеке кәсібін бастағысы келетін көпбалалы отбасыларға 70 грант беріледі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТЖМ 2024 жылдан бастап салынып жатқан үйлердің өрт қауіпсіздігін тексереді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.