Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Бала өлімі. Министр елдегі барлық мектептің спорт алаңы тексерілетінін айтты

Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Білім басқармалары кешеден бері бүкіл мектептің спорт алаңдарын тексеріп жатқанын айтады.

Сондай-ақ Бейсембаев Астана мектебіндегі футбол алаңындағы баланың өліміне кінәлілерді тергеу анықтайтынын жеткізді.

Тек Астананың ғана емес, еліміз бойынша барлық мектептің спорт алаңдары мен құрал-жабдықтары тексеріледі, – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, Астанада үстіне футбол қақпасы құлаған бала тіл тартпай кеткен еді.

Ұқсас жаңалықтар

Елордада жалған лаңкес сотталды

admin_altyalash

Олжас Бектенов: Орталық Азия елдері мен Жапония ынтымақтастықты үдемелі кеңейту үшін зор әлеуетке ие

admin_altyalash

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

admin_altyalash