Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Астанада екі жұмысшы 15-қабаттан құлап кетті

Астанада тұрғын үй құрылысы алаңында 2 жұмысшы жоғарыдан құлап көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 10 тамызда «Алматы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «A-City» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде биіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешені қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабат биіктіктен 2 жұмысшының құлағаны анықталды», – делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында мерт болған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – дейді ведомстводан.

Ұқсас жаңалықтар

Астаналық спортшы Қытайда өткен турнирде екі медаль жеңіп алды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

admin_altyalash

Мектептен бюджет қаражатын жымқырғаны үшін жазаланды

admin_altyalash