Астанада екі жастың таныстығы спайкингпен аяқталған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәлімемтінше, жас қыз ПБ-ға арызданып, сырттай таныс адамның кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтқан. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар виртуалды танысуын кездесумен жалғаған. Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай не болғаны қалмаған.
Аталған дерекке қатысты тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, – делінген хабарламада.
Полициция бейтаныс адамдармен кездескенде достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің кіммен, қайда және қанша уақыт сонда болатыныңызды білетініне көз жеткізу керектігін ескертті.
Айта кетсек, спайкинг – басқа адамның сусынына жасырын түрде есірткі немесе күшті дәрі-дәрмек қосу. Көбінесе мұндай әрекет жәбірленушіні зорлау немесе тонау мақсатында қолданылады.