Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Тоқаев Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сондай-ақ еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін айтты.

Айта кетсек, ұзақ жылдар бойы Инздонезия Нидерландының боданы болды. Өз тәуелсіздігін 1945 жылы 17 тамызда жариялады. Индонезия халқы үшін маңызды бұл мереке күллі ел бойынша кең көлемде аталып өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысты

admin_altyalash

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXI маусымы басталды

admin_altyalash

2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы

admin_altyalash