Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Ақтөбе облысында қылмыс жасалмайтын ауылдар саны 14-ке жетті

Фото: qaz365.kz

Ақтөбе облысында қылмыс жасалмайтын ауылдардың саны артты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін өңірдегі 6 ауданда орналасқан 10 ауылда соңғы екі жылда қылмыс тіркелмегені хабарланған. Араға үш ай салып, қылмыс жасалмайтын ауылдардың қатары 14-ке жетті.

Олар:

  • Ырғыз ауданы Құрылыс, Шеңбертал, Жаныс би, Құйлыс ауылдары;
  • Алға ауданы Амангелді;
  • Мұғалжар ауданының Бұлақты, Миялыкөл ауылдары;
  • Темір ауданы Тасқопа ауылы;
  • Әйтеке би ауданы Ақкөл, Ақтасты, Толыбай, Қайрақты ауылдары;
  • Хромтау ауданы Тассай ауылы.

Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің Бұлақты ауылында бүгінде 105 үйде 476 адам тұрады. Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен құқықбұзушылықтың жоқтығы көз қуантады. Бұл көрсеткіш – Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Әлімжан Аңдақұлов пен округтің учаскелік полиция инспекторы Дастан Сақтағановтың тыңғылықты қызмет етуінің жемісі, – деп жазылған хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Фермерлерге 48 миллиард теңге көмек көрсетілді

admin_altyalash

Жетісуда «Жас сарбаз барысы» республикалық турнирі өтті

admin_altyalash

Алматы облысында 2,2 миллион адам тұратын қала салынады

admin_altyalash