Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Мемлекет басшысы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты

Президент жаһандық ауқымдағы технологиялық инновациялық кәсіпорынның бір бөлігі саналатын Goertek өндіріс кешенін аралап көрді, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Компания акустика, оптика, микроэлектроника, прецизиондық конструктивті детальдар, интеллектуалды құрал-жабдықтар, виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары қолданылатын құрылғылар, ақылды гарнитуралар, ақылды тұрмыстық техникалар және басқа да жоғары технологиялық құрылғылар мен өнімдер секілді электрондық және прецизиондық конструкторлық компоненттер әзірлеуге және өндіруге маманданған.

Қазіргі кезде Goertek компаниялар тобында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кәсіпорынның жылдық орташа табысы 2,8 миллиард долларға жетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді аралап, өнім шығару процесімен, сондай-ақ, кәсіпорында қолданылатын технологиялармен танысты.

Ұқсас жаңалықтар

Баскетболшы ойыннан кейін бүйрегінен айырылды

admin_altyalash

Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек

admin_altyalash

Астанада жұмыс және маман іздеуге арналған платформа іске қосылды

admin_altyalash