Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтар

Астанада биыл 27 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды

Биыл Астанада 1 қыркүйекте 27 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бірінші сыныпқа қабылданған балаларды бейімдеу мақсатында 78 мемлекеттік мектепте алғаш рет қысқа мерзімді «Балақайлар мектебі» ашылды. Ол 1 мен 25 тамыз аралығында өткізілді. Мұнда балаларды білім ордасына бейімдеу мақсатында ойын түрінде оқытады. Оқыту бағдарламасын Астана қаласының Әдістемелік орталығы және педагогтер ұжымы ұлттық құндылықтарға негіздеп әзірледі.

Алдағы уақытта Астана қаласының барлық мектептерін қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жазғы демалыстан кейін оқушылар мен ата-аналарды бейімдеу мақсатында тамыз айында «Аdaptation days» жобасы басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Сенатор BRICS елдерінің мұсылман діни көшбасшыларының халықаралық конференциясына қатысты

admin_altyalash

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болды

admin_altyalash

Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалым атанды

admin_altyalash