Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Жоғары аудиторлық палатаның биылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған қызметі жөнінде есепті тыңдады.

Есептік кезеңде барлығы 9,3 триллион теңге бюджет қаржысы бойынша 121 нысанда 12 аудиторлық тексеріс жүргізілген.

Сонымен қатар Қасым-жомарт Тоқаевқа Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты ұйымдарға, сондай-ақ «Қазсушар» РМК-ға және тағы да басқа мекемелерге жүргізілген жекелеген аудиторлық тексерістердің қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Президент бюджет қаржысының жұмсалуына және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне аудит жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Азық-түлік өнімдері бағасының күрт өсуін тежеуге бағытталған

admin_altyalash

Ұлытау облысындағы ТЖ орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр

admin_altyalash

Абаттандыру ең маңызды міндеттердің бірі, оны бірінші кезекте орындау қажет

admin_altyalash