Астанаға көшіп келушілердің санына шектеу қойылуы мүмкін – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қыркүйек 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанаға көшіп келушілердің санына шектеу қойылуы мүмкін

29.08.2023
0
Астанаға көшіп келушілердің санына шектеу қойылуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елордаға көшіп келушілер санына шектеу қоямыз деп отыр. Астанадағы көші-қон ағынын бақылауға алу мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Қазір шенеуніктер арнайы заңнамаға түзетулер мен өзгерістер енгізуде, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бас қалаға өзге өңірлерден жыл сайын тұрғылықты тұруға 60 мың адам қоныс аударады. Халық саны миллионға тек 2030 жылы жетеді деген болжамның қате болғанына он жыл бұрын-ақ көзіміз жетті. Жазда сумен, қыста жылумен қамту қала шылбырын ұстаған атқамінерлердің кәдімгідей бас ауруына айналған. Қыркүйектен бастап шаһар аумағына кіріп-шығуға рұқсат етілгендердің тізімі жасалмақшы.

«Қазір Астанаға кімнің кіріп, кімнің кіре алмайтындығын анықтау бойынша миграция мәселесі талқыланып жатыр. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Жұмыс тобы барлық сұрақты қамтитын болады. Қыркүйекте алғашқы мәліметтерді айтатын боламыз», – дейді  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасы Асқарбек Ертаев.

Алайда демографтар миграцияны реттеуде халық санын шектеу адам құқықтарын таптаумен тең деп отыр.

«Конституция бойынша біз әр жаққа көшіп-қонуға еріктіміз. Кез келген құқықтық енгізілейін деп жатқан өзгерістер, ең бірінші кезекте, біздің конститутциялық құқықтарымызды шектемеуі керек. Айналып келген кезде, өңірлерде тұрмыс деңгейі жақсы болатын болса, жалақы жақсы болатын болса, экология жақсы болатын болса, медицина, білім жақсы болса, онда ешкім алысқа көшуге талпынбайды», – дейді демограф Аяулым Сағынбаева.

Осы жерде туып-өскен танымал сәулетші Аманжол Чиканаев қазақ астанасы құрылысының авторы жапондық Кисе Курокава әу бастан-ақ бас жоспарды сызғанда оңбай қателескен дейді. Тар көшелер, ғимараттардың алшақтығы 500 мың адамға ғана шақталыпты. Көзге ұрып тұрған олқылықты талқылау барысында Чиканаев Курокаваның талай рет бетіне басқан. Десе де енді миграцияны шектегеннен басқа амал жоқ.

«Біз реттеуіміз керек. Бұл халық көбейіп жатыр, Астанамыз үлкейіп жатыр деп қуанудың қажеті жоқ. Біз өте үлкен, көп проблемаларды жинаймыз, өзімізге қаланы өсіреміз деп. Су жетіспейді», – дейді сәулетші Аманжол  Чиканаев.

Ал жұрт астанаға шекесі шылқығаннан емес, ауылда жұмыс жоқтықтан келдік дейді. Одан қалса, табыс ішіп-жемнен артылмайтынын айтады.

Астананың халқын жалғыз Вячеслав су қоймасы есебінен қамтып отырмыз. Қала билігі жетіспеген қосымша су ресурсын Нұра жерасты құбырын салу арқылы шешпекші. Алайда бұл құрылыстың қашан басталатыны әзірге белгісіз. Белгілісі, Еңбек министрлігінде құрылған арнайы топ миграцияны шектеудің қалай жүзеге асатындығын қыркүйекте жариялайтын болды. Жауапты ведомство тек сол кезде қалаға кімнің кіріп, кімнің шыға алатынын айтамыз деп отыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Конституция күні қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Журналист Талғат Рысқұлбеков туралы тың мәліметпен бөлісті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.