Әлихан Смайылов жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ жұмысымен танысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Әлихан Смайылов жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ жұмысымен танысты

29.08.2023
0
Әлихан Смайылов жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ жұмысымен танысты
фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жаңа оқу жылы қарсаңында Ішкі істер министрлігінде болып, ведомство жұмысымен танысты.

Ішкі істер министрлігі республикадағы қалалардың көшелері мен қоғамдық орындарында «толық қамту» принципімен бейнебақылаулар енгізуде. Жыл басынан бері полицияның жедел басқару орталықтарындағы (ЖБО) бейнекамералар арқылы 6 мың қылмыс ашылған, 2,7 млн жол ережесін бұзу, сондай-ақ 312 мың басқа да әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Нәтижесінде, биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеген.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, оқу орындарында орнатылған бейнекамералардағы жазбалар мен дабыл түймешелерінің сигналдарын жедел басқару орталықтарына және полицияның кезекші бөлімшелеріне шығару барысы көрсетілді. Бүгінде мұндай шаралармен 3 654 мектеп қамтылған, бейнебақылау камералары 7 600 мектепте орнатылған. Оларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар ішкі істер органдарының мекемелері де жаппай бейнебақылаумен қамтылған. Барлығы 18 мың камера орнатылған. Бұл қызметкерлердің және жұмыс процесіне басқа да қатысушылардың іс-әрекетін бақылауға мүмкіндік береді. Дәл осындай жұмыстар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде де жүргізілуде. Атап айтқанда, 52 колонияға 22 мың бейнекамера орнатылған. Бейнебақылауды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ситуациялық орталығы мен прокуратура органдары жүргізеді.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы «Цифрлық полицей» жобасы аясында сатып алынған жаңа бейнежетондардың жұмысын бағалады. Құрылғы видеоны басшылар мен басқа да тексерушілердің жұмыс орындарына онлайн режимде трансляциялайды. Бейнежетондарға орнатылған бағдарлама полиция қызметкеріне бейнежазбаларды өз бетінше жоюға, құрылғыны өшіруге немесе өзінің отырған жерін жасыруға мүмкіндік бермейді.

Премьер-министрге полицияға жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектесетін «Қорғау» жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндалды. Бағдарлама көше камераларынан алынған деректерді талдай отырып, жақын маңдағы полиция қызметкерінің планшетіне қауіпті жүргізушінің келе жатқаны туралы сигнал береді. Бұл жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушы, я жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі де болуы мүмкін.

Әлихан Смайылов тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту шараларын жүзеге асыру барысымен, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстарының нәтижесімен және CyberPol интернет-алаяқтықпен күрес жөніндегі жобамен танысты. Атап айтқанда, полиция байланыс операторларымен бірлесе отырып, жалған нөмірлерден келетін қоңырауларға техникалық тосқауыл қояды, нәтижесінде, бүгінгі күні алаяқтардың 36,5 млн қоңырауына тосқауыл қойылды.

Есірткі қылмысымен күрес бойынша, биыл құқық қорғау және арнайы органдар 14 тоннадан астам есірткі тәркіледі, оның ішінде 71 келіден астамы героин және 652 келісі «синтетика». Құны 24 млрд теңге болатын 4,7 млн бір реттік доза айналымға жіберілмеді. 52 есірткі зертханасы жойылды. Сондай-ақ 85 тонна прекурсор тәркіленіп, нәтижесінде 20 млн бір реттік «синтетика» өндірісіне тосқауыл қойылды. 2,5 мың есірткі сайты бұғатталды.

Сонымен қатар кадрлық процестерді автоматтандыру қорытындысы, жедел-қызмет, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қаралды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында кейбір пәндердің сағатын қысқартады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.