Парламент Сенатының жалпы отырысында Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, өткен аптада Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылған болатын.
Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған еді.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.