Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Нұрмұхамед Байғараев ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды

Нұрмұхамед Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев оған дейін ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарған.

«Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған (MSc of Project Management).

«AMANAT» партиясының Саяси жұмыс департаментінің директоры лауазымын атқарған. Бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген. «Айқын» газетінің бас редакторы, «Егемен Қазақстан» басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Әртүрлі жылдарда «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарында продюсер, сценарист және тележүргізуші ретінде еңбек етті. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ сараптама және стратегиялық даму департаментінің директоры және «Қазақ радиолары» ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтті

admin_altyalash

Қазақ радиосының сандуғашы

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

admin_altyalash