Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Теннисші Данилина микстен АҚШ чемпионы атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Анна Данилина микстен алғаш рет АҚШ чемпионы атанды.

Ол аралас жұпта финалда финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың бірінші ракеткалары, америкалықтар Джессика Пегула және Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық-финляндиялық жұп брейк жасап, сол басымдықты 6:3 есебімен сақтап қалды.

Олар екінші сетті де брейкпен бастағанмен, америкалықтар таразы басын теңестірді. Есеп – 2:2. Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейк жасап, матчты 6:4 есебімен ұтты. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған ойында 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Осылайша, Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлықбек көшесін ұзарту жобасы 2014 жылдан бері Бас жоспарға енгізілген

admin_altyalash

Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр

admin_altyalash

Жалған инвестициядан сақ болыңыз: полиция азаматтарға үндеу жасады

admin_altyalash