600-ден астам адам әскери қызметтен кейін жеңілдікпен оқуға түсе алады – министрлік – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

600-ден астам адам әскери қызметтен кейін жеңілдікпен оқуға түсе алады – министрлік

12.09.2023
0
600-ден астам адам әскери қызметтен кейін жеңілдікпен оқуға түсе алады – министрлік

Фото: Қорғаныс министрлігі

Тегін оқытуға іріктеу Қорғаныс ведомствосының «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі

Былтырдан бері  Қорғаныс министрлігі әскерде қызмет еткен азаматтарға білім беру жеңілдіктерін беру арқылы жастардың әскери қызметке деген ынтасын арттыру жөніндегі жобаны іске асырып келеді.

Бүгінде жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай түсу мүмкіндігін 604 қазақстандық пайдалана алды. Мәселен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 19, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне – 17, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне – 15, Торайғыров университетіне – 10 азамат тегін оқуға түсті, –  деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Ақылы негізде ҰБТ-ны есепке алмағанда А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне – 73, Торайғыров университетіне – 45, Ш. Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтына – 51, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне – 35 адам оқуға түсті.

Осыларды ескере келе, Қорғаныс министрлігі студенттердің бұл санатын жатақханамен және шәкіртақымен қамтамасыз ете отырып, гранттар беру процесін заңнамалық реттеу жұмыстарын жүргізуде.

Еске сала кетсек, әскери қызметшілерді тегін оқытуға іріктеу Қорғаныс министрлігінің порталында жарияланған «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта бұл ресурста 38 316 мерзімді қызмет сарбазы тіркелген.

2022 жылдың күзінде әскерге шақырылған 13 805 әскери қызметшінің бағалау көрсеткіштерін енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Олар үшін квоталарды бөлу биылғы жылдың қазан-қараша айларына жоспарланған. Сонымен бірге 2023 жылдың көктемінде әскерге шақырылған сарбаздарды да тіркеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 11 948-ден астам адам тіркелген, –  делінген хабарламада одан әрі.

Қорғаныс министрлігі жобаны одан әрі танымал ету мақсатымен айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. Жастардың жеке жоспарлары мен армияның олардың жеке қалыптасуындағы рөлі туралы бейнероликтер дайындалды.

Осындай сауалнамадан Astana IT University-нің бірінші курс студенттері Айдар Науша, Әмір Қайыров және Әділет Құдашев өтті. Олар – жоғары оқу орындарында тегін білім алу сертификаттарын иленген азаматтар. Айдар Науша Қарулы күштердің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде қызмет етті. Қазіргі уақытта «медиа-технологиялар» бағыты бойынша білім алуда.

Университет базасындағы әскери кафедра елдің жұмылдыру резервін толықтыру үшін запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындайды. Оқу кезінде үшеуі де әскери кафедрада оқып, запастағы офицер болуға ниетті.

Қазіргі кезде Қорғаныс министрлігінен басқа бұл жобаға Ұлттық ұлан мен Мемлекеттік күзет қызметі де қатысады. Болашақта ҰҚК Шекара қызметі мен Төтенше жағдайлар министрлігі де «Срочники 2.0» жүйесіне қосылмақ.

Сертификаттың бар-жоғын тексеру үшін «Іздеу» бөліміндегі «Срочники 2.0» жүйесіне өз деректеріңізді, яғни «тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын енгізіп», «Табу» опциясын басу қажет. Еске сала кетсек, жастар бұл сертификатты екі жыл бойы пайдалана алады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге құлап, мерт болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«AMANAT» партиясында банкроттық туралы заңды өзгертуді ұсынды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.