Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге құлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
11 қыркүйекте «112» құтқару қызметіне кәсіпорында ер адам темір бөшкеге құлағаны туралы хабар келген.
«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, алпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін шығарып алды», – делінген хабарламада.
Оtyrar.kz сайтының мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мәйіт полицияға және жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.