Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

14 қыркүйекте атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын жауады.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамына сүйенсек, республика бойынша екпінді жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі, орталықта бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік, оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды ​​облыстарында да жоғары өрт қаупі бар.

Анель Жарылғасын

Ұқсас жаңалықтар

Инвестициялық штаб: елордада жаңа жобалар таныстырылды

admin_altyalash

Сарайшықтың екінші тынысы ашылады

admin_altyalash

Өнер мен мәдениетте ешқандай шекара болмайды

admin_altyalash