Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

ЕАЭО премьер-министрлері INNOPROM көрмесінде бас қосты

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астанада INNOPROM.QAZAQSTAN халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Көрмеде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Үкімет басшылары кездесті. Оның аумағы 12 мың шаршы метрден асады.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин ЭКСПО аумағындағы көрмені аралап шықты. Жиынға Беларусь премьер-министрі Роман Головченко мен Қырғыз министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қатысты.

ЕАЭО-ның үкімет басшылары жетекші кәсіпорындардың өнімдерімен танысты.

Айта кетейік, Қазақстан ЕАЭО серіктестерімен бірлесіп, 38 жобаны іске асырған. Бұл ретте кооперацияның негізгі басымдықтары терең өңдеу, барынша оқшаулау, жаңа өнім шығару және экспорттық әлеует болды. Сондай-ақ тағы 80 жобаны іске асыру жұмыстары пысықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Садақшыларымыз бұрын-соңды мұндай жетістікке қол жеткізген емес

admin_altyalash

Коронавирус: ШҚО-да 2 мыңға жуық ата-ана баласына екпе салдыруға келісім берді

admin_altyalash

«Бостандықтағы әр минутты бағалау керек»: Есірткі қылмысы үшін сотталған қыз өкінішін айтты

admin_altyalash