Мәжіліс депутаттары медицина саласындағы проблемаларды талқылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Мәжіліс депутаттары медицина саласындағы проблемаларды талқылады

29.09.2023
0
Мәжіліс депутаттары медицина саласындағы проблемаларды талқылады

Отырысты ашқан Асхат Аймағамбетов 2023 жылғы 9 қазанда  Мәжілісте Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің проблемалары мен даму перспективалары бойынша Үкімет сағаты өтетін айтты. Үкімет сағатын дайындау аясында комитет депутаттары еліміздің, соның ішінде Астана қаласының медицина ұйымдарының жұмысымен тығыз байланыс орнатып, проблемалық мәселелермен кеңінен танысып жатқанына назар аударды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге ерекше мән берген болатын. Осыған байланысты аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса назар аударып отырмыз. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарының проблемалары ұқсас. Бұл медициналық қызметтер көрсетуді қаржыландырудың жеткіліксіздігі мен медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі, – деді Асхат Аймағамбетов.

Жиын барысында депутаттар медициналық қызметтерге тарифтердің нақты жағдайдан,  коммуналдық қызметтерге, дәрі-дәрмектерге, тауарларға және басқа да бағалардың өсуінен артта қалуына мән берді. Сонымен қатар медициналық қызмет көлемін сапасыз жоспарлау мен бірқатар медициналық қызметтерге сызықтық шкаланы негізсіз қолдану мәселесіне тоқталды.

Сондай-ақ ақпараттық жүйелерді басқарудағы және олардың арасындағы интеграцияның болмауына байланысты қиындықтарға,  азаматтармен медициналық қызмет алу кезегінің өсуіне қатысты мәселелерді талқылады.

– Денсаулық сақтау министрлігі біраз мәселені шешіп жатқанын білеміз. Нәтиже бар. Бүгінгі кездесудің мақсаты – мәселелерді талқылап бірлескен шешімдердер әзірлеу, – деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кету керек, жиынға Мәжіліс депутаттары Жұлдыз Сүлейменова, Гүлдара Нұрымова, Нүргүл Тау, Дәулет Мұқаев, Айна Мысырәлімова және Денсаулық сақтау министрлігі мен Медициналық сақтандыру қорының өкілдері қатысты.

Дереккөз: Айқын.кз

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бас прокуратура: Орман өртінен 30 миллиард теңге шығын келді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.