Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

ХІХ Азиада: еліміздің қоржыны 2 қола медальмен толықты

Фото: Telegram/sportqazaq

Наталья Богданова жартылай финалда нокаутпен жеңіліп қалды

Қытайда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында балуан Азат Садықов пен боксшы Наталья Богданова қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақ балуаны Азат Садықов қарсыласының жарақат алуына байланысты қола жүлдегер атанды.

Бокста 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Наталья Богданова жартылай финалда таиландтық Суваннафенг Джанджаймен қолғап түйістіріп, нокаутпен жеңіліп қалды. Осылайша, спортшы Азия ойындарының қола медаліне ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Астанадан Бурабайға пойызбен 2,5 сағатта жетуге болады

admin_altyalash

Қайрат Сатыбалдының ұлынан «Байсат» базарының бір бөлігі қайтарылды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

admin_altyalash