Фото: egemen.kz
Қазіргі уақытта елордада жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 226 379 бірлікті құрайды. Онда 499 445 адам жұмыс істейді, бұл белсенді халықтың 72.8%-ын құрайды. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының (21,6%), сондай-ақ ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандарсанының (13.2%) өсуінің оң серпінін атап өткен жөн. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеуге қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне кіретін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасына қатысушылар және экономика басым секторлар шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын басқа да дара кәсіпкерлер болуы мүмкін», дейді спикер.
Конкурс жыл сайынғы негізде өткізіледі. Биыл өтінімдерді қабылдау 7-16 тамыз күндері kezekte.kz ақпараттық платформа арқылы өтті. Барлығы 1971 өтінім келіп түскен, бұл ретте конкурстық комиссия алдында қорғауға 1118 өтінім жіберілген.
Конкурстық комиссияның шешімімен 545 млн теңгеге 113 жоба мақұлданды.
Салалар бөлінісінде:
- Жобалардың 49,57% (56 жоба) өңдеу өнеркәсібіне келді. Мысалы: «Қуат» ЖК өзі электр арбаларының қымбаттығы проблемасына тап болып, мүгедектер арбасына арналған электр приставкаларын немесе Төлегенұлы ЖК лазерлік ЧПУ станогын өндіру туралы шешім қабылдады.
- Білім беру саласында – 19 жоба. Мысалы: Arystan ЖК виртуалды бағдарламаларды оқыту мектебін ашуға бағытталған инновациялық жобасы.
- Денсаулық сақтау саласында – 12 жоба. Конкурстық комиссия мақұлдаған ЖК Жарылқасымов нақты өмірде дәлірек нәтиже алу үшін 3D-модельдердегі операцияларды модельдей алады.
- Ақпарат және байланыс саласында – 9 жоба. ЖК Абильдин Ш-микро, шағын және орта кәсіпорындар үшін цифрлық трансформацияға, деректерді беруді автоматтандыруға және талдауға бағдарланған SMART Data Solutionsit-платформасын құру.
- Өнер, ойын-сауық және демалыс бағытында – 4 жоба. ЖК Мұхаметжанов балалардың дағдыларына, мүмкіндіктері мен тілектеріне, ата-аналардың сұрауына бейімделген даму ерекшеліктері бар балаларға арналған мерекелерді ұйымдастыру.
- Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет бағытында 6 жоба. Мысалы, ЖК Ляшевич Дмитрий «Тунгус» ұнтақты өрт сөндіру модульдерін қайта жарақтандыру қызметі.
- Көлік және қоймалау және т.б. бағытында – 4 жоба. Махабат ЖК – жүктерді көліктік өңдеу.