Астанада апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қыркүйек 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Астанада апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды

18.10.2023
0
Астанада апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды

Астанада 2023 жылы 18 апатты үйден 327 пәтер тұрғыны қоныс аударды. Республика күні қарсаңында қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындар қуаныштарымен бөлісіп, жылы лебіздерін жеткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

2023 жылы 327 пәтерлі 18 апатты үйдің тұрғындарын көшіру жүргізілді. Осы жылдың соңына дейін тағы екі апатты жағдайдағы үйдің тұрғындарын 43 пәтерге көшіру жоспарланып отыр.

Жаңа пәтер иелерінің бірі Татьяна Копнова бұрын 13 шаршы метр аумақта өмір сүргенін есіне алады. Қазір оның баспанасы екі еседен де үлкен.

«Біз жатақханада өмір сүрдік, баспанамыз небәрі 13 шаршы метр болды. Енді жаңа баспанаға қоныстанып отырмын. Мұндай пәтерді өзіміз сатып ала алмас едік. Жаңа пәтерімді жақсы көремін, біз мұнда келгенде толық жөнделген күйде болды. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Ғажайыпқа сеніңіздер, армандарыңыз орындалады! Ғажайыпқа сеніп, пәтерлі болды», – деп елорда тұрғыны қуанышымен бөлісті.

Жаңа пәтерге ие болғандардың арасында астаналық Айгүл Құлбаева да бар. Осыған дейін ол жұбайымен және төрт баласымен бірге небәрі 18 шаршы метрде тұрып келді.

«Жаңа пәтерге көшіп, қатты қуанып отырмыз. Қоныс тойымызды туыстарымызбен, достарымызбен бірге атап өттік. Біз үшін бәрі қуанып жүр. Ы.Дүкенұлы көшесіндегі бес қабатты дәлізді үйде қанша жыл тұрдық, әр қабатта 40 бөлмеден болатын. Алтауымыз 18 шаршы метр жерде тұрдық. Осындай көмек көрсетілгені үшін алғысымыз шексіз. Қазақстан халқын Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға бейбітшілік пен қуаныш, бақыт тілеймін!» – деді Айгүл Құлбаева.

https://altyalash.kz/wp-content/uploads/2023/10/Astanada-apatty-zha-dajda-y-jlerdi-t-r-yndary-zha-a-p-terge-ie-boldy.mp4
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қытайдың ең ірі логистикалық операторларының бірі Орталық Азиядағы бас кеңсесін Қазақстаннан ашпақ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Америка азаматы кіші жүз руларын жаттап, қазақ тілін үйреніп жүр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.