Сенатор теміржолшыларды зейнетке ерте шығаруды сұрады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қыркүйек 3, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Сенатор теміржолшыларды зейнетке ерте шығаруды сұрады

19.10.2023
0
Сенатор теміржолшыларды зейнетке ерте шығаруды сұрады
Фото: islamnews.ru

Оларға тұрғын үй бағдарламасын да әзірлеу керек

Қазақстанда теміржолшылардың зейнет жасын 57-ге дейін төмендету керек. Бұл туралы cенатор Геннадий Шиповский айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутаттың айтуынша, елімізде теміржол саласын дамыту үшін Көлік министрлігі құрылған. Алайда жаңа ведомство теміржолшылардың жалақысының төмендігін, баспана алу және зейнет жасын төмендету мәселесін шешпеген.

Министрліктің мәліметінше, ең төменгі санаттағы байланыс және дабыл мамандарының жалақысы Ақтөбеде 382 мың, Қызылордада 354 мың, ал ең төменгі санаттағы теміржолшының жалақысы Абай облысында 280 мың және Павлодар облысында 280 мың теңге екен. Алайда бұл шындыққа сәйкес келмейді, – деді Геннадий Шиповский Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған депуттатық сауалында.

Сенатор өңірлердегі теміржолшылардан ақпарат алғанын, олардың жалақысы өте төмен екенін айтты.

Ең төменгі санаттағы «байланыс және белгі беру» мамандарының қолға алатын жалақысы Ақтөбеде шамамен 200 мың теңге, Қызылордада 180 мың теңге, дәл солай ең төменгі санаттағы жол жөндеушінің жалақысы Абай облысында 160 мың теңге, Павлодар облысында 205 мың теңге болады. Министрлік пен өңірлердегі теміржолшылардан алған ақпараттың екеуі екі түрлі. Әрине, біз халықтың ақпаратына сенеміз, – деді депутат.

Бүгінде теміржол саласында 140 мыңға жуық адам жұмыс істеп жүр. Геннадий Шиповскийдің пікірінше, олардың мәселесін шешу экономикаға да оң әсерін тигізеді.

«Біріншіден, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жылдық табысын, мемлекет тарапынан берілетін субсидияны және инфляцияны ескеріп, темір жол саласының қарапайым жұмысшыларының жалақысын көтеру керек.

Екіншіден, теміржол саласындағы қарапайым жұмысшыларға корпоративті келісім немесе басқаша тетіктерді қарастыра отырып, 55 немесе 57 жастан зейнетке шығаруды қамтамасыз ету қажет.

Үшіншіден, теміржол қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламасы әзірленуі керек. Сондай-ақ бағдарламаның тетіктерін барлық өңірге енгізіп, жергілікті атқарушы органдармен нақты алгоритмі жасалуға тиіс», – деді сенатор.

Дәурен Ерболат

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Америка азаматы кіші жүз руларын жаттап, қазақ тілін үйреніп жүр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы COVID пандемиясын еңсеруге үлес қосқан дәрігерлерге алғыс айтты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.