Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Қазақ-қытай шекарасы: жеке тұлғалардың өтуіне шектеу қойылды

Фото: sputnik.kz

Қазақстандықтар сапарын алдын ала жоспарлауға тиіс

Қытай шекарасында орналасқан «Бақты» өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өтуіне уақытша шектеу қойылды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытайдың мемлекет басшылары қол қойған визасыз режим туралы келісім негізінде қос тараптың азаматтары үшін 30 күнге (туристік) визасыз режим енгізілді. Осыған байланысты Қазақстан-Қытай учаскесіндегі өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өту қарқыны күшейеді деп болжанып отыр.

Бүгінде МКК Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерін нақты жабусыз жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оның ішінде Абай облысындағы «Бақты» өткізу пункті де бар.

Қазір аталған пунктте шекарадан өту келісілген уақытша технология бойынша іске асырылады. Сәйкесінше,  реконструкциялау уақытын бақылау барысында жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Қос тарап азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биыл 10 қарашадан бастап реконструкциялау кезеңінде Абай облысы «Бақты (Қазақстан) – Покиту (ҚХР)» өткізу пунктінде жеке тұлғаларды өткізуді  уақытша тоқтатады, – деп жазылған хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының Майқапшағай (Қазақстан) – Зимунай (ҚХР), Жетісу облысы «Алакөл (Қазақстан) – Алашанькоу (ҚХР)», Нұр жолы (Қазақстан) – Қорғас (ҚХР)», Алматы облысының «Қалжат (Қазақстан) – Дулаты (ҚХР)» өткізу пункттерінде жеке тұлғалар штаттық режимде өтеді.

Бұл ақпаратты ескеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеке тұлғалардан Қытайға тек жоғарыда аталған өткізу пункттері арқылы өту сұралады.

Дәурен Ерболат

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінен 530 млн теңге ұрланғаны анықталды

admin_altyalash

Жаңаөзенде мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған орталық ашылды

admin_altyalash

Елорда кубогі: Алғашқы күні Ұлттық құрама мүшелері түгел жеңіске жетті

admin_altyalash