Премьер мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі халықтың шағымдарын атады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Премьер мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі халықтың шағымдарын атады

21.11.2023
0
Премьер мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі халықтың шағымдарын атады
Фото: primeminister.kz

Қажетті ақпараттар деректер базасында болған кезде өтініштер мен растайтын құжаттарды жинау тәжірибесінен алшақтау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы электрондық форматта қолжетімді. Олардың басым көпшілігін смартфондағы қосымшалардың көмегімен алуға болады. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды факторы болып табылады. Процестерді цифрландыру мемлекеттік органдарға өтініш беру, анықтамалар алу сияқты қағазбастылықты барынша азайтуға мүмкіндік берді. Бұл – дебюрократизация ғана емес, сонымен қатар азаматтардың уақытын үнемдеу», – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар Қазақстанға онлайн қызметтер көрсету бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингінде 8-орынға көтерілуге себепші болды.

«Халықаралық сарапшылар атап өткендей, бұл – біздің еліміздің үлкен жетістігі. Осы жұмыстарды белсенді жалғастыру қажет. Көрсетілетін қызметтер сервисінің деңгейін үнемі арттыру керек. Бұл әсіресе, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қатысты. Көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру тұрғысынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы офлайн-сервистің толыққанды драйверіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысы атап өткендей, адамның бүкіл өмірін қамти отырып, проактивті қызмет көрсету қажет. Ол үшін бизнес-процестердің реинжинирингі жүргізілуде. Қажетті ақпараттар деректер базасында болған кезде өтініштер мен растайтын құжаттарды жинау тәжірибесінен алшақтауымыз қажет», – деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр рейтингтер мен жетістіктердің жоғары болғанына қарамастан, ерекше назар аударуды қажет ететін факторлар бар екендігін айтты.

«Мәселен, «Электрондық үкімет» порталында білім туралы құжаттарды тану, тұрғын үй көмегін тағайындау, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту сияқты мемлекеттік қызметтердің 22 түрін алуға әлі мүмкіндік жоқ. Адамдар мәліметтер дұрыс емес деп шағымданады. Биылғы 10 айдың өзінде ғана мәліметтерді түзетуге 56 мыңнан астам өтінім түскен. Бұл түрлі дерекқорларды біріктіріп, ақпаратты цифрландырған кезде жұмыстың сапасы дұрыс болмағанын көрсетеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер ондағы ұзын-сонар кезекке және ғимараттарда қолайлы жағдайлардың болмауына наразы. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арнайы пандустар мен көтергіштердің болмауына байланысты кейбір Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіре алмайды. Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу өте қиын», – деді ол.

Үкімет басшысы лицензиялар мен рұқсаттар алуға өтініш беру күрделі болғаны сонша, азаматтар консалтингтік компаниялар мен жеке тұлғаларға жүгінуге мәжбүр екендігін айтты.

«Жалпы аталған жайттар атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың тиімділігін төмендетіп жібереді. Сондықтан, азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын бірден назарға алып, шұғыл шаралар қабылдау қажет», – деді Әлихан Смайылов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Электронды құжатты қанағат тұтпай, анықтама талап ететіндерді заңмен жазалау керек – министр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.