Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы талқыланды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Мамыр 11, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы талқыланды

28.11.2023
0
Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы талқыланды
Фото: Нұрдәулет Әбікеев

Баршаңызды алдағы жарысты лайықты өткізуге атсалысуға шақырамын, – деді Ербол Мырзабосынов

Астанада Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын болды.

Сонымен қатар іс-шарада келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы талқыланды.

Төл спортымызды дәріптеуге арналған басқосуға Ұлттық және ат спорты орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, Ұлттық спорт қауымдастығының өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының президенттері, өңірлік спорт басқармаларының басшылары, аймақтардағы ұлттық спорт мектептері мен клубтарының басшылары мен «Қазспортинвест» АҚ мамандары қатысты.

Жиында сөз алған Ербол Мырзабосынов ұлттық спорт – ұлттық құндылығымыздың, мәдениетіміздің бір бөлігі екенін айта келіп, ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту және халықаралық аренаға шығару басты міндет екенін жеткізді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Осы бағытта ұлттық спорт түрлері федерацияларымен бірігіп, бірқатар іс-шара атқарылып жатыр. Биыл ұлттық спорттың бірнеше түрінен әлем және Азия чемпионаттары, әлем және Азия кубогы, Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары сынды ірі жарыстар болды. Спортшылардың нәтижесі жаман емес. Бірақ алда тұрған міндет көп. Бүгінде соның ең бастысы – 2024 жылғы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын абыроймен өткізу. Жақсы нәтижеге жеткізу үшін жақсы дайындалу керек. Баршаңызды алдағы Көшпенділер ойындарын лайықты өткізуге атсалысуға шақырамын, – деді Ербол Мырзабосынов.

Күн тәртібінде тұрған Ұлттық спорт түрлерінен республикалық федерациялардың атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспарлары, еліміз бойынша ұлттық спорттың дамуы, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы, Ұлттық спорт түрлерін дамыту және әртүрлі мәселелер бойынша федерация басшылары, ұлттық және ат спорты орталығының директоры, «Қазспортинвест» АҚ президентінің орынбасарлары баяндама жасады. Әрбір федерация атқарған жұмыстарына есеп беріп, Ұлттық спорттың әлеуетін арттыру мақсатында ұсыныстар айтты.

Жиын соңында ұлттық спорт түрлерінің өзекті мәселелері талқыланып, оң шешім табу үшін барлық федерация бірлесе жұмыс атқаруға келісті.

Дастан Жұмабекұлы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Агробанк қажет пе?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жалған адвокат Шымкент тұрғынының 7 млн теңгесін алып кетті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.