Фото: pixabay.com
Қызылордада көлігімен бірнеше автокөлікті соққан 29 жастағы мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Kazinform.
Облыс орталығындағы Ғ.Мұратбаев көшесі бойында жүргізуші масаң күйде «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігін басқарған.
«Көлік иесі полиция қызметкерлерінің нұсқауына бағынбай, тұрған «Volkswagen Passat» автокөлігіне соқтығысқан. Одан кейін жолда келе жатқан екі автокөлікті соғып, мүліктік шығын келтірген. Құқық бұзушы дер кезінде ұсталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен дерегімен кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада екі жеңгетай әр клиенттен 5 мың теңгеден алып отырған.