Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

БҚО-да 14 мектеп директоры жауапқа тартылды

Фото: Halyq Uni
Оқушылар тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізген
Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратура жүргізген талдауда оқушылардың мектеп қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды. Осылайша, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі белгілі болды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бүгінде прокурорлық қадағалау актісімен ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қойылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында оқушылар сабақта суицидтік және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға кіргеніне жол берген 48 қызметкер жауапқа тартылғанын хабарлаған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Рекордтық көрсеткіш: Алматы экономикасы 10,1 пайызға өсті

admin_altyalash

Министр ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинаған түлекті құттықтады

admin_altyalash

Тілсіз жаудан қауіп төнбесін

admin_altyalash