Қызылордада «Inno.Fest» Qyzylordа инновациялық идеялар фестивалі өтеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қызылордада «Inno.Fest» Qyzylordа инновациялық идеялар фестивалі өтеді

05.12.2023
0
Қызылордада «Inno.Fest» Qyzylordа инновациялық идеялар фестивалі өтеді

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

8-9 желтоқсан күндері облыс әкімінің қолдауымен «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық жобалар фестивалі өтеді. Дәстүрлі түрде өтетін бұл жоба – «SmartСity», «Контент&Дизайн», «Кино&Видео» бағыттары бойынша бір тәулік ішінде ІТ саладағы ерекше жобалар жасауды мақсат етеді.

Аталмыш фестивальге көршілес мемлекеттермен қатар республиканың өзге де облыстарынан қатысушылар бақ сынаспақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ақпараттық технологиялар орталығының директоры Қанат Қараев хабарлады.

– Фестивальдің негізгі мақсаты – аймақтың дамуына қажетті жаңа инновациялық идеяларды қолдау, ІТ бағытына қызығушылығы бар жастардың жаңа жобаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Ауқымды шараға шалғай елді мекендерде тұратын ауыл жастарын тарту мақсатында 25 қараша мен 3 желтоқсан аралығында «Inno.Fest Roadshow» атты кездесулер өткіздік. Осы кездесуден кейін белсенді жастар қатары артады деп ойлаймыз. Жобаның жүлде қоры – 3 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ, әр секциядан үздік деп танылған жастарға Astana IT университетіне, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне, Болашақ университетіне, Қызылорда Ашық университетінің оқу гранттары беріледі. Сондай-ақ, фестиваль серіктестері бағалы сыйлықтарын табыстайтын болады, – деді Қанат Қараев.

Өз кезегінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Kyzylordа Hub бизнес-инкубаторының» жетекшісі Жанарыс Түбекбаев жобаның еренкшілігіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық жобалар фестивалі жергілікті атқарушы органдардың жастарға берген үлкен мүмкіндігі деп білеміз. Осы жоба аясында көптеген жас өзінің идеясын іске асырып, жобасына қолдау тапты, білім гранттарына ие болды. Биыл да бұл жоба өз жалғасын табуда. 8 желтоқсан күні қатысушылар жобалар жұмыстары секциясында барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі. Олар 24 сағат ішінде өз жобаларын іске асырып, қазылар алқасына таныстыруы керек. Үздік деп танылған қатысушыны 9 желтоқсан күні студенттер сарайында анықтап, марапаттайтын боламыз. Барлық қатысушыларға сәттілік!, – деді Жанарыс Алтынбекұлы.

Айта кетейік, өткен жылы «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық жобалар фестиваліне 1700 жас ниет білдіріп, 200-ге жуық команда 3 бағыт бойынша өз жобаларын қорғаған болатын.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елорда, көктайғақ: Травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елордада 8 желтоқсан күні XIV Қысқы қайырымдылық балы өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.