Елордадағы Қызылорда облысының өнер күндері «Жәмилә» спектаклімен ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордадағы Қызылорда облысының өнер күндері «Жәмилә» спектаклімен ашылды

09.12.2023
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Астанада Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері өтуде. Өнер мерекесі Астана қалалық Жастар театры сахнасында Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры қойған «Жәмилә» драмасымен ашылды.

Бұл туралы Kazinform Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

театр
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ш.Айтматовтың бұл драмасында қалыптасқан дәстүр мен өз тағдыр тақтасындағы таңдауға қарсы тұрған жас әйелдің нәубетке толы махаббаты бейнеленеді. Жәмиләнің өміріндегі басты сынақ та осы болатын.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртістері сахналаған қойылымды зиялы қауым өкілдері бастаған мәртебелі меймандар мен елордалық тұрғындар тамашалады.

театр
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ертең мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің 125 жылдығы аясында Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклі сахналанбақ. Бұл спектакль Кеңес заманында Халық ағарту комиссары қызметінде жүріп, ұлттың рухын оятуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің қилы тағдырын баяндайды.

театр
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мұнан бөлек, ертең елорда төрінде «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылады. Көрме Сыр өңірінің тарихын баяндайтын 3 бөлімнен тұрады. Ежелгі сақ дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін аймақтың әлеуметтік-мәдени дамуы мен жетістіктерін суреттейтін көрмеге Сығанақ қалашығынан табылған бірегей археологиялық жәдігерлер және еліміздің тарихына ғылыми жаңалық болып енетін «Шірік-Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы» реконструкциялары алғаш рет қойылады.

театр
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сыр өңірінің өнер күндері «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтетін Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан Ару Астанаға» атты Қызылорда облысы өнер шеберлерінің гала концертімен қорытындыланбақ.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Дәрігер қателігі, спорт және жоспар: паражүзуші Нұрәлі Советхановпен сұхбат

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлытау облысында перзентхана жоқ – Берік Әбдіғалиұлы

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.