Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Жаңа жылдан бастап барлық балаға ақша аударыла бастайды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордан 18 жасқа толмаған барлық балаға бірдей сомада қаржы аударыла бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазин ведомоство ұйымдастырған брифингте мәлімдеді.

«Ұлттық қор төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап аударады. 18 жасқа толмаған барлық балаға бірдей сома аударылады. Ал кәмелет жасына 2024 жылы толатын балалар сол қаражат шотына түскен кезден бастап өтінім беріп, Ұлттық қор ақшасын пайдалану мақсатын растайтын құжатты көрсету арқылы әрі қарай бұл қаражатты пайдалана алады», деді Айбол Арғынғазин ведомство ұйымдастырған брифингіде.

Дана МЫРЗАҚАДІР

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев:Бұл – жай ғана ұран немесе популизм емес, мемлекеттік саясатымыздың бұлжымас қағидаты

admin_altyalash

Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді

admin_altyalash

Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

admin_altyalash