Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Алматы облысында жоғалып кеткен шопандар табылды

Алматы облысының Жамбыл ауданында қой бағып жүрген екі шопан жоғалып кеткен. Оларды Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары іздеп тапты. Екеуі де дін аман, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, екі шопанның жоғалып кеткені туралы ақпарат 11 желтоқсан күні сағат 22:03-те түскен. Олар Алматы облысының Жамбыл ауданында бір отар қойды бағып жүрген. Жоғалып кеткендерді іздеуге Республикалық жедел-құтқару жасағының 10 адамнан тұратын жедел құтқару тобы шыққан. Базадан іздеу орнына дейінгі арақашықтық 138 км құрайды.

«Құтқарушылар шопандарды іздеуге сағат 02:40-та кірісті. Іздеу операциясы кезінде далада қатты жел, боран, аяз болды. Сағат 09.55-те бірінші шопан, сағат 10.15-те екінші шопан табылды. Екеуін де Жартас ауылы ауданындағы даладан таптық. Қатты аяз болса да адамдар үсіп қалмаған екен, олардың жағдайы жақсы, зардап шекпеген», делінген хабарламада.

Шопандар далада бағытын жоғалтып, адасып кеткен екен. Жоғалған шопанның біреуі 1984 жылғы, екіншісі 1982 жылы туған.

Маржан ТІЛЕУБЕК

Ұқсас жаңалықтар

Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

admin_altyalash

Эмомали Рахмон Қазақстан астанасына келді

admin_altyalash

Ерболат Досаев Париждегі Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

admin_altyalash