Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Қазақстанда кедейлік деңгейі ең жоғары өңір — Түркістан облысы

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижесі бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі биылғы III тоқсанда 5,6% болды, деп хабарлайды Kazinform.

Кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан облысында (9,6%), ал ең азы — Қарағанды облысы және Астана қаласында (2,7%-дан) тіркелді.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді.

Осылайша 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі — 10% болды, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

Кедейлік деңгейі — тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы.

ҚР бойынша 2023 жылғы III тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — 51 710 теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Азаттықпен бірге ұлттың рухы көтерілді – Президент

admin_altyalash

Жаңа өндіріс орны өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетін арттыруға серпін бермек

admin_altyalash

Жаңа жүйенің басты қағидаты – ваучер білім беру ұйымына емес, тікелей балаға беріледі

admin_altyalash